• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
04 Шілде, 2015

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №312 

261 рет
көрсетілді

2014 жылғы 26 желтоқсан, Астана қаласы «Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану» кәсіби стандартты бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану» кәсіби стандарты кәсіби стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А.Асавбаев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М.Қасымбекке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ______________Т.ДҮЙСЕНОВА 2015 жылғы 21 қаңтар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №312 бұйрығымен бекітілген «Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану» кәсіби стандарты 1. Жалпы қағидалар 1. «Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын, оның ішінде кәсіпорындағы персоналды оқыту үшін білім беру мен мекемелердегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін және персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған. 2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер және анықтамалар қолданылады: 1) арнайы автокөлік құралы – арнайы технологиялық жабдықтармен жабдықталған, арнай желілік және (немесе) дыбыстық сигналдары, жазулары және (немесе) түстік графикалық бояулары бар автомобильдер; 2) арнайы жабдық – арнайы және арнайы мамандандырылған көлік құралының шассиінде (жақтауда), қорабында, кабинасында немесе сыртында орналасатын әртүрлі құралдар,қондырғылар; 3) арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану – еңбектік және материалдық ресурстардың аз шығына кезінде арнайы көлік құралын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралардың жиыны мен бекітілген ресурстар мен қызмет мерзімі кезіндегі арнайы көлік құралының енгізілген/берілген сипаттамасын сақтау; 4) арнайы машина, арнайы автокөлік – арнайы мақсаттағы көлік мағынасын беретін, синонимдік түсініктер; 5) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі; 6) біліктілік анықтамалығы – басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы; 7) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігін, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзіреттілігінің деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы; 8) ұлттық біліктілік шеңбері– еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау; 9) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарық жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы; 10) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау; 11) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; 12) кәсіби стандарт – еңбектің біліктілік, құзіреттілік, мазмұндық, сапалық және шарттық деңгейлеріндегі нақты саладағы кәсіби қызметті анықтайтын стандарт; 13) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын және білі туралы тиісті құжаттармен расталатын нақты білімін, шеберлігін және практикалық дағдыларын талап ететін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі; 14) кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы; 15) кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттіліктерінің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы; 16) қауіпті жүк – көлік оқиғасы нәтижесінде адамдардың денсаулығына немесе өміріне және /немесе қоршаған ортағы зиян келтіретін жүк; 17) мамандандырылған автокөлік құралы - бір немесе бірнеше бір неше түртегі біртектес жүктерді тасуға арналған және тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезінде және жүктердің қауіпсіздігін және механизациясын немесе автоматизациясын қамтамасыз ететін әртүрлі қондырғылармен және құрал-саймандармен жабдықталған автокөлік құралы; сондай-ақ арнайы жабдықталған автокөлік құралдарына ауыр салмақтағы жүктерді тасымалдауға арналған, еске түсетін қол жетімді шектер бойынша нормалардың сақталуын және өс бойынша салмақты біркелкі тарататын автомобиль жолдарының сақтығын қамтамасыз ететін көп өсті және көп дөңгелекті жылжымалы құрамдар кіреді. 18) сала – шығаратын өнімдерінің, өндіріс технологияларының, негізгі қорларының және жұмыс істеушілердің кәсіби машықтарының ортақтастығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы. 3. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар пайдаланылады: 1) ҰБШ - ұлттық біліктілік шеңбері; 2) ҰБЖ - ұлттық біліктілік жүйесі; 3) СБШ - салалық біліктілік шеңбері; 4) КС – кәсіби стандарт; 5) БА - біліктілік анықтамалығы. 2. Кәсіби стандарттың паспорты 4. Кәсіби стандарттың атауы: Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану. 5. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты: кәсіби стандарттың мазмұнына қойылатын біріңғай талаптарды сәйкестендіру және бекіту, автокөлік құралын техникалық пайдалануды ұйымдастыру аясында мамандарға қойылатын біліктілік деңгейінің нақты өлшемдерін айқындау. 6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын қауіпсіз қолдануды ұйымдастыру және сүйемелдеу 7. Негізгі топ: көлік. Кәсіби топ: көлік инфрақұрылымын күту және жөндеу. 3. Кәсіптер карточкалары 8. Кәсіптер тізбесі: арнайы автокөлікті техникалық пайдалану жөніндегі инженер, СБШ бойынша 5 біліктілік деңгейі. Кәсіп карточкасы осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген. «Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану» кәсіби стандартына қосымша Кәсіптер карточкалары «Арнайы автокөлікті техникалық пайдалану жөніндегі инженер» КӘСІП КАРТОЧКАСЫ Кәсіп коды 2145 Кәсіп атауы Арнайы автокөлікті техникалық пайдалану бойынша инженер СБШ бойынша біліктілік деңгейі 5 БА бойынша біліктілік деңгейі 4 Кәсіби білім деңгейі Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі) білім Еңбек функциялары 1) Белгіленген ресурстар мен қызмет ету мерзімі бойында белгіленген сипаттамаларын сақтай отырып, арнайы автокөлік құралын техникалық пайдалану процесіне басшылық ету 1 еңбек функциясы Белгіленген ресурстар мен қызмет ету мерзімі бойында белгіленген сипаттамаларын сақтай отырып, арнайы автокөлік құралын техникалық пайдалану процесіне басшылық ету Шеберлігі мен дағдылары: 1. Автомобильдердің арнайы жабдықтарының техникалық жағдайын бағалауы, ақаулар/кемшіліктер мен істен шығуды жою үшін қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізе білу. 2. Өндіруші-зауыттың техникалық талаптарына сондай-ақ пайдалану бойынша қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес, арнайы автокөлік құралдарын ақаусыз арнайы жабдықтармен жиынтықтау, қамтамасыз ете білу. 3. Арнайы автокөлік жабдықтары бойынша техникалық қызмет көрсету және арнайы жабдықтарды жөндеу және басқа да құжаттардың жоспарын құрау. 4. Арнайы жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің талаптарын орындау бойынша шараларды ұйымдастыру. 5. Мамандандырылған көлікті пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша арнайы кһлік қызметінің жеке құрамымен техникалық оқуларды өткізу. 6. Мамандандырылған автокөлік құралдарын және өндірістік бөлмелерді күз-қыс және көктем-жаз мезгілдеріне дайындау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру. 7. Бақылау-өлшек құралдарының көмегімен барлық түйіндер мен агрегаттарға сынамалар өткізумен жаңа арнайы жабдықтарды пайдалануға енгізу нұсқаулығының көрсеткіштері сол түйінің не агрегаттың эксплуатациялық-техникалық сипаттамасына сай болу керек. 8. Автомобильдердің арнайы жабдықтарының дұрыс сақталуын бақылау, дер кезінде ақаулары бар автомобильдерді жөндеуге жіберу. 9. Арнайы автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуге арналған шығындар талдау және оларды төмендету бойынша шаралар қабылдау. Білімі: 1. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-10) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін Қазақстан Республикасында автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидасы және арнайы мамандандырылған автокөлік қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілері. 2. Автомобильдердің арнайы жабдықтарының жұмысы, техникалық сипаттамалары және құрылымдық ерекшеліктері. 3. Арнайы автокөлік құралдарының арнайы жабдықтарының конструкциялық, техникалық пайдалану, жөндеу жұмыстары негіздерінің және техникалық қызмет көрсету қағидаларының ерекшеліктері. 4. Мамандандырылған автокөлікті көктем-жаз және күз-қыс мезгілдерінде, сондай-ақ ерекше жағдайларда қолданудың ерекше жағдайлары, бекітілген шектеулер. 5. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері. 6. Еңбекті қорғаудың, өндірістік, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптары мен қағидалары. Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар Жеке жинақылық. Техникалық ойлау қабілеті. Дербес шешімдер қабылдау. ҰБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы Кәсіби стандарттың техникалық деректері Әзірленген «Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Нұсқа номері мен шыққан жылы 1 нұсқа, 2014 жыл Болжамды қайта қарау мерзімі 2017 жыл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10387 болып енгізілді.